RU | KZ

Astana Motors компаниялар тобының құрамына кіретін Changan Kazakhstan дистрибуциясы Freedom QJ League-мен серіктестігін жалғастыратынын қуана хабарлайды.

2025 жылғы маусым алдында басталған ынтымақтастық бірлескен жобаларды жүзеге асыруды, компанияның инфрақұрылымын пайдалануды және негізгі лиганың іс-шараларында интерактивті аймақтарды ұйымдастыруды қамтыды. Сонымен қатар, 2025 жылғы серіктестік аясында жеке марапаттар — Changan MVP of the Match және Changan MVP of the Season тағайындалды.

Ынтымақтастық нәтижелерінің бірі — маусымның MVP жүлдесінің иегері Глеб Макридовтың мадридтік «Атлетико» жүйесінде халықаралық тағылымдамадан өтуі болды. Бұл мүмкіндік Changan Kazakhstan және Astana Motors қолдауымен жүзеге асырылды.

«Біз ұлт денсаулығы бала кезден қалыптасады деп сенеміз. Сондықтан серіктестікті жалғастыру біз үшін үлкен қуаныш. Футбол — нәтижеге және жетістікке бағытталған ойын. Changan Kazakhstan автокөліктері де технологиялық жағынан дамыған және табысты. Біздің ортақ болашағымыз да табысты болатынына сенімдіміз», — деп атап өтті «Астана Моторс» КМК басқарушы директоры Мади Утешев

Другие новости и события

«5 ТҚК сыйлыққа» арнайы ұсынысының аяқталуы

Арман орындалады: Changan MVP жеңімпазы грант пен Atlético Madrid академиясында қаралымнан өту мүмкіндігін иеленді!

АРНАЙЫ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ЖАСАЛҒАН ТОЛЫҚ ЖЕТЕКТІ CHANGAN CS75 PLUS

www.changan-crystal.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз. Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.