
07 маусым 2026
2026 жылғы 7 маусымда Астанада елордадағы ең ірі жүгіру жарысы — бесінші мерейтойлық Astana Half Marathon өтті. Changan Kazakhstan іс-шараның серіктесі ретінде қатысып, еліміздегі маңызды спорттық бастамаларды қолдау дәстүрін жалғастырды.

Марафон аясында Changan бренд-аймағы ұйымдастырылып, онда қатысушылар мен қонақтар үшін үшінші буындағы жаңа спорттық лифтбек — Changan UNI-V таныстырылды. Келушілер автокөліктің мүмкіндіктерімен танысып, бренд мамандарынан кеңес алды, сондай-ақ тест-драйвқа жазылып, естелік сыйлықтарға ие болды.

Astana Half Marathon 2026 жарысына 7000 адам қатысып, елорда тарихындағы ең ауқымды жүгіру шарасына айналды. Сонымен қатар биылғы марафон шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты: жарыс жолына әлемнің 30-дан астам елінен келген 243 спортшы шықты.

Спорттық іс-шараларды қолдау — Changan бренді философиясының маңызды бөлігі. Марафон қатысушылары секілді бренд те үнемі дамуға, жаңа белестерді бағындыруға және жоғары нәтижелерге ұмтылады.



